Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Архивтік анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 06.06.2019
Өзгертілді: 06.06.2019
Қаралды: 683

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министірінің 13 мамырдың 2019 жылғы №133 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Архивтік анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2828 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қазандағы № 176-177 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 

  "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

  регламентінде:

  регламент атауы жаңа редакцияда жазылсын:

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» 

  1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қаланың, аудандардың мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартты (Қазақстан республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11086 тіркелді) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

  Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

    3) www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі- құжаттардың рәсімделуі 50-қосымшаға сәйкес нысанның әлеуметтік-құқықтық сипаты туралы ақпаратты растайтын мұрағаттық анықтама, ресімделген (жасалған) мұрағаттық құжаттарды жинау, сақтау, есепке алу және пайдалану барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары және де  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген құқықтық нормативтік актілер, Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 18392 болып тіркелген  өзге де мемлекеттік е арнаулы мемлекеттік мұрағаттарда ресімделген (жасалған) құжаттардың нысандары  әлеуметтік-құқықтық сипаты туралы ақпаратты растайтын архивтік анықтама болып табылады (бұдан әрі- Форма) немесе мұрағат құжаттарының көшірмесі әлде 51_к қосымшасына (Формасына) сәйкес мұрағаттық үзінді болып табылады. Стандарттың 10-1 тармағына сәйкес қызмет көрсетуші талап етілген ақпараттың жоқтығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тартуға себеп болатын жауаптар көзделген.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық  және қағаз түрінде. 

  Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі  қызмет алушының «жеке кабинетіне» қызмет көрсетушінің  уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электронды құжат ретінде жіберіледі. 

  Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету нәтижесін алу үшін портал арқылы хабарласқан жағдайда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу орны мен күнін көрсететін қызмет алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жіберіледі.»;

  6-тармақтың 5) тармақшасының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

  Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың құжаттарын және (немесе) 5 (бес) жылдан асатын мерзімін қарау қажет болған жағдайда, қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін Қызмет алушыны Мемлекеттік Корпорация немес портал арқылы 2 (екі) жұмыс күн ішінде хабардар ете отырып мерзімін30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартады. 

көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымшаға: 

мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа редакцияда жазылсын: 

«көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымшаға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру»; 

көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымшаға: 

мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа редакцияда жазылсын: 

«көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымшаға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру»; 

  көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымшаға: 

мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа редакцияда жазылсын: 

«көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымшаға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру»;

3- қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

  «Бизнес-процесс анықтамаларында көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» ,

  2. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемес (Төлеуғалиева Г.Б.) осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн откен соң енгізіледі.

  Маңғыстау облысының әкімі  Е. Тоғжанов 


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы