Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №291 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 18.06.2019
Өзгертілді: 18.06.2019
Қаралды: 430

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №291 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №291 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2857 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Жариева Г.О.) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі       Е. Тоғжанов

Маңғыстау облысы әкімдігінің
20____ жылғы «__»_________
№ __ қаулысына
қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№  291 қаулысымен
бекітілген

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)

жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.  Жалпы ережелер

  1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі   – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру  www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы  28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11578 болып тіркелген) бекітілген «Туристікоператорлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттікқызметті көрсетуден бастарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы өтінімді қабылдайды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеуді жүргізеді – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды  – 1 (бір) сағат;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

лицензияны беру, заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу кезде – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді, лицензия, қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;

қайта рәсімделген лицензияны берген кезде – келіп түскен өтінімді тексереді, қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты  «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы береді – 15 (он бес) минут.

3.  Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен қатар, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдайды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеуді жүргізеді – 15 (он бес) минут; 

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды  – 1 (бір) сағат;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

лицензияны беру, заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу кезде – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді, лицензия, қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;

қайта рәсімделген лицензияны берген кезде – келіп түскен құжаттарды тексереді, қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні;

4)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысы «Е-лицензиялау» МБД АЖ арқылы ЭЦҚ лицензияға, қайта рәсімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты  «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы береді – 15 (он бес) минут.

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    8.  Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш білдіру тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдері (іс-қимылдары) кезеңділігінің сипаттамасы:

  көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендірілген нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендірілген нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролі (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;

  1-процесс – Порталда қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушымен ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

  1-шарт – Порталда тіркелген қызмет алушы туралы ЖСН/БСН және пароль арқылы деректердің дұрыстығын тексеру;

  2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың орын алуына байланысты, авторизациялаудан бас тарту туралы Порталмен хабарландыруды қалыптастыру;

  3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушымен оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды (деректерді енгізу) толтыруы, нысанға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген электрондық түрде қажетті құжаттардың көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігін таңдауы;

  2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және  ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестілігін тексеру;

  4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

  5-процесс – ЭҮТШ қызметке төлем жасау, сонан соң ақпарат  «Е-лицензиялау» МДБ АЖ келіп түседі немесе түбіртекті электрондық (сканерленген) түрде бекіту;

  3-шарт – қызмет көрсету үшін төлеу фактісін «Е-лицензиялау»  МДБ АЖ арқылы тексеру;

  6-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

  7-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұрау салуды өңдеу үшін, ЭҮТШ автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкімет» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) жолдау;

  8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы регламенттің   5 тармағында көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);

  9-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен «Е-лицензиялау»  МДБ АЖ қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.

  Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының  ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

  Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

  10.«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

 

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)

жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйенің функционалдық әрекет етуінің диаграммасы

Портал

ЭҮТШ

 «Е- лицензиялау»

МДБ АЖ»

1-процесс 

3-процесс

5-процесс

7-процесс

8 -процесс

1-шарт

2-шарт

  3-шарт

2-процесс

4-процесс 

6-процесс 

9-процесс

Қызмет алушы

Бас тарту

Бас тарту

Бас тарту

Бас тарту


 

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)

жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2- қосымша

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Портал

Портал

құжаттарды қабылдауды іске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүргізеді – 15 (он бес) минут

лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты «Е-лицензиялау» МБД АЖ арқылы береді – 15 (он бес) минут

«Е-лицензиялау» МБД АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен лицензияға, қайта рәсімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат

құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 (бір) сағат

лицензияны беру, заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу кезде – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді, лицензия, қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 5 (бес) жұмыс күн;

  қайта рәсімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды   – 2 (екі) жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсенің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы


 

Шартты белгілер:


- таңдалған нұсқа;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қисылының) атауы;

-  Мемлекеттік қызметтің басталуы немесе аяқталуы;

 


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы