Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 %-ы қайтарылады
Жарияланды: 17.01.2018
Өзгертілді: 17.01.2018
Қаралды: 1222

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына қарасты ауылдарды аралады. Аймақ басшысы Тұрыш ауылындағы әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысанның жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

«Тұрыш мектеп-балабақша кешені» 2013 жылы қыркүйек айында ашылды. 50 орындық балабақшада 6 педагог қызмет етеді. Екінші нысан -«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК «Тұрыш» фельдшерлік-акушерлік пункті. Ол 1965 жылдан бері қызмет көрсетеді. 2005 жылы сәуір айында жаңа ғимарат ашылып, пайдалануға берілді. Материалдық-техникалық базасында  фельдшерлік кабинет, 2акушерлік қарау кабинеті, 1 ПОР, шаруашылық жабдықтар бөлмесі, егу кабинеті бар.

Тұрыш ауылындағы «Берекет» шаруа қожалығы  жылыжай слу жұмыстарын қолға алуда. Оған мемлекет тарапынан жылына 2 рет әр гектарына 5 млн теңге субсидия беріледі. Жылыжайға сатылып алынған техника құнының, сондай-ақ оның құрлысына жұмсалған қаражаттың 30 %-ы, суландыру жүйесіне кеткен шығынның 50 %-ы,  малдарды асылдандыру, бордақылау жұмыстарына кеткен шығынның 50%-ы үкімет тарапынан қайтарылады. Сонымен қатар, асыл тұқымды қойлардың селекция жұмыстарына әр басына 2 500 теңге, асыл тұқымды ұрғашы қойлардың әр басына 8 мың теңге, аталықтың әр басына 20 мың теңге, асыл тұқымды аталық жылқының және түйенің әр басына 100 мың теңге, аналықтарына 40 мың теңгеден беріледі.

«Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуіміз керек. Бұл – мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын  дамыту үшін үкімет тарапынан көрсетіліп отырған көмек. Соны әрбір қазақстандық жүзеге асырса, ауыл шаруашылығындағы түйіткілді мәселенің шешімі табылар еді. Халықты ақпараттандырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек. Жастарды ауылшаруашылықтың қыр-сырына үйрететін оқу-әдістемелік курстардан өткізу керек», - деді Ералы Тоғжанов.

Тұрыш ауылының тұрғындарымен кездесу барысында құдық қазу жұмыстарына қатысты бірнеше сұрақтар көтеріліп, арнайы тапсырмалар жүктелді.

«Егер тұрғындар өз тарапынан құдық қазса, мемлекет шыққан шығынның 80 %-ын қайтарып береді. Мысалы сіздер 100 метр құдық қазсаңыз, орта есеппен 5 млн. теңге шығын кетеді. Соның  4 млн. теңгесін кейін қайтарып алсаңыз, нәтижесінде сіз құдықты 1 млн. теңгеге қазасыз. Былтыр жүзеге асырылған 18 құдықтың 17-сін тұрғындар өз күштерімен қазған. Бізге ешқандай өтінім келіп түспеді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы халықтан өтінімдер жинауда, сол бойынша құдық қазу жұмыстарына субсидия береміз», - деді Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов.

«Әрбір қазылған құдықта су бола бермейді. Осы мәселенің төңірегінде көптеген  сұрақ туындады. Құдық қазар алдында ол жерге арнайы мамандарды тарту керек. Арнайы мекемелер осы жұмысқа тікелей атсалысып, өз күшімен құдық қазам деген азаматтарға қолдау көрсетсін», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

  Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір мәселе – ауылға теміржол өткелін салу. Облыс әкімі темір жол өткелінің жобалық сметалық құжаттарын ағымдағы жылдың наурыз айына дейін аяқтап, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына ұсынуды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы