Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда 78 отбасыға пәтер кілті табысталды
Добавлено: 09.05.2018
Изменено: 09.05.2018
Просмотров: 1299

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Аққу-1» тұрғын үй кешенінің кілттерін 78 әскери және құқық қорғау органдарының қызметкеріне салтанатты түрде табыс етті. Баспаналы болғандардың қатарында Ішкі істер департаментінің - 30, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің -33 және Батыс аймақтық шекара қызметі бюросының 10 қызметкері бар.Қазіргі таңда 339 үй пайдалануға дайын.Пәтерді сату тетігі «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүйесімен және жеке, заңды тұлғаларға тікелей сату арқылы жүзеге асырылады.

  «Өздеріңіз жақсы білетіндей бұл тұрғын үй кешені қанша жылдан бері үлкен мәселеге айналып, өткен жылдан бастап облыс деңгейінде комиссия құрылған еді. Бүгін міне «Аққу» тұрғын үй кешенінің алғашқы кезеңі қолданысқа беріліп, 140 пәтер тапсырылды.Міне, біз бүгін жаңа баспанаға қол жеткізген 78 отбасының қуанышына куә болып отырмыз.Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілуінің символдық мәні зор. Бұл бейбіт өмірдің батырлары, елдің тыныштығын күзетіп жүрген ерлерге деген құрметтің бір белгісі. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары мен реформаларының сәтті жүзеге асқандығының айқын көрінісі. Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту мемлекет басшысының жіті назарында. Сондықтан наурыз айында елбасы әлеуметтік жаңғыру жолында ауқымды қадам жасап, «Бес әлеуметтік бастама» ұсынды. Соның алғашқы тармағында – «әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», - керектігіне назар аударған болатын. «7 – 20 – 25» бағдарламасы бұл сөзіме дәлел», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

2017 жылы тек Маңғыстау өңірі бойынша барлығы 833 мың  шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. 2018 жылдың соңына дейін тағы 916 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Алғашқы тоқсанда соның 337 мың шаршы метрі тапсырылып қойған.

Маңғыстау  облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы