Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
5626 облыс бойынша түлек орта мектеп бітіреді 174 оқушы Алтын белгіге үміткер
Добавлено: 22.05.2018
Изменено: 22.05.2018
Просмотров: 1048

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Кездесу барысында бірнеше мәселелер қаралды.

Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық туралы, – төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев баяндады.  2018 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысының аумағында 77 өрт тіркеліп материалдық залал 17 миллион 300 мың теңгені құрады. «Қазгидромет» РМК шілде мен тамыз айларында ауа температурасы 45С-қа дейін көтеріледі, жауын-шашынның дефициті болжануда. Осыған байланысты 290 км ұзындығы бар минералды жолақтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды.

«Ағымдағы кезеңде Сай-Өтесті қоса алғанда  4 өрт сөндіруші бекет  техникалық қызмет көрсетуге 17,6 млн. теңге қаражат қажет. Бұдан басқа, жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі қажет. Ғарыштан алынған суреттер олардың дамуының бастапқы кезеңінде табиғи өрттерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жыл сайын 4 млн. теңге қажет», - деді Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы полиция полковнигі Қуанар Базарбаев.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы туралы – білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек  Қойжанов баяндады. ҰБТ биылғы жылы республикамызда  15-ші рет өткізілгелі отыр. Былтырғы оқу жылынан бастап ҰБТ форматы екі кезеңде өткізіледі: Бірінші. Бұл қорытынды аттестаттау – мектепте тапсыратын бітіру емтиханы.Екінші. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Биылғы оқу жылында облыс бойынша 5626 (2017 ж.-4900) түлек орта мектепті бітіреді. Алтын белгіге үміткерлер саны – 174 оқушы. Жалпы ҰБТ-ға қатысуға 4167 оқушы өтініш жазып тіркелді.  Қорытынды аттестаттау 2018 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында өткізіледі (Төрт күн тапсырады). Ең жоғарғы балл - 140 балл. Шекті балл – 50 балл.

Атқарылып жатқан Цифрландыру жұмыстары бойынша  үш басқарманың  басшылары айтып өтті. Биылғы жылы «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қатысты «Электрондық еңбек биржасы» облыс бойынша  іске қосылды.  Жыл басынан бері 4 мыңға жуық азамат Еңбек биржасында тіркелді деді, - Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев.

 Сонымен қатар, «Еңбек нарығы» («Рынок труда») автоматтандырылған ақпараттық жүйесіде іске қосылды. Бұл ақпараттық жүйе арқылы: Жұмыс іздеушілерді және жұмыссыз ретінде тіркеуді; Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандарға жолдама беру және мониторингілеуді; Жұмыспен қамту саласындағы есептілікті қамтамасыз етуді жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 11978 адам жүгінген, яғни осы жүйеге тіркелген.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруда электронды еңбек келісімшарттарын тіркеу  жүйесін енгізу болды. «Бұл жүйе жалпы еңбек келісім шарттарының қоймасы болып табылады және бүкіл республика  бойынша жұмыс істейтін барлық еңбек келісімшарттарының электрондық форматына көшуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыспен қамту процесін жеңілдетеді: яғни, құжаттарды  жинаудың қажеті жоқ. Өз кезегінде, жұмыс беруші үшін қызметкерлердің  қадрлық құжаттарын жүргізілуі жеңілдетілген және оңтайландырылған. ҚР Еңбек министрлігі осы жобаны әзірлеуші ретінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Үкіметке ұсынылатын заңнамаға түзетулер дайындау жоспарлануда », - деді  Еңбек басқармасының  басшысы Шыңғыс Дүйсенов.

Казіргі таңда Маңғыстау облысында 49 453 зейнеткер тіркелінген. Жаңа стандарттар бойынша зейнетақы алу үшін ағымдағы жылдың шілдесінен бастап азаматтар «Азаматтарға арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясына өтініш бере алады. Сонымен қатар, берілетін құжаттардың саны қысқарады және барлық қажетті ақпарат автоматтандырылған базада ұсынылатын болады. Бұл өзгерістер зейнетке шығатын азаматтардың 70 пайызын қамтиды. Өзгерістер уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күнен 8 күнге дейін қысқарады деді, - Еңбек,  әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Арман Елдесов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы