Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қатаң ескертулер мен жүктелген міндеттер
Жарияланды: 31.07.2017
Өзгертілді: 31.07.2017
Қаралды: 1344

   Маңғыстау облысы әкімдігінде аппарат мәжілісінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қауіпсіздік, жер телімдерін заңсыз игеру, көгілдір отын құю бекеттеріндегі  ұзын-сонар кезектер, ішкі саясатты іске асыру тетіктері және ҰБТ қорытындылары мәселелері сөз болды.

   Қаланың ішкі мен сыртқы аумағын күл-қоқыстан арылту, үйінді қалдықтардан тазарту мәселесі қала әкімінің назарына берілді. Жер бөліктерін заңдастыру, нақты мақсатта игерілуін қадағалау облыстық жер  қатынастары басқармасына міндеттелді.

   «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөліміне, аудан әкімі назарына бірнеше ұсыныс бердік. 2017 жылдың сәуір айынан бастап біздің мал бағатын өрісімізді белгісіз адамдар заңсыз топырақ өндірісі карьеріне айналдырды. Үлкен көліктермен топырақ тасып, жеріміз бен шөбіміздің тас-талқанын шығарып отыр.  Онсыз да бірнеше жыл қуаңшылықты бастан өткердік. Заңсыз карьер өкілдері түнде, халық ұйқыға кеткенде топырақ тасиды. Себебі ұрлық қой. Соңғы кездері мұндай әрекеттер күндіз де орын алып жүр» делінген екен азаматтар арызында. Өңір басшысы шағымды негізге ала отырып Мұнайлы ауданы әкіміне қатаң ескерту жасап, заңсыз  жер телімін игеруге тосқауыл қою, жауапты тұлғаларды заң аясында жазалау әрі күл-қоқыс-қалдықтарын жуық арада арылту міндетін жүктеді.

   Мәжіліс отырысында биылғы ҰБТ қорытындылары турасында білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова баяндады. Облыс бойынша орта оқу ордаларының білім беру сапасы, деңгейі мен нәтижелері талқыға салынды. Алдағы жұмыс жоспары таныстырылды.

   «ҰБТ-да шектік балға жетпегендер 19-24 тамыз аралығында қайта кешенді тестілеу тапсырады. 23-31 шілде аралығында мемлекеттік грантқа конкурсқа құжаттар қабылдануда. Конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін баспасөз беттерінде жарияланады»,-деді З.Тастемірова.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы