Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
ҚР Үкіметі Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында азаматтарға шағын несиелердің қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастырады
Добавлено: 08.08.2017
Изменено: 08.08.2017
Просмотров: 2035

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Өнімді жұмыспен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтарға шағын несиелендірудің қолжетімділігін арттыру шаралары туралы айтып берді. 

Ол бүгінгі таңда Өнімді жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие алуға тілек білдірген адамдар саны осы мақсатқа қарастырылған қаражат мөлшерінен көп екенін атап өтті. 

Сонымен қатар ҚР ЕжХӘҚМ шағын несие алуға ниетті азаматтарды қамтуды арттыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

«Біріншіден, біз қаржы институттарымен өнімді жұмыспен қамту бағдарламасының қаражаты бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін несиелендірумен айналыспаймыз, ал басты назарды жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға аударамыз деп келістік, олар үшін 18 млн емес, 2 немесе 3 млн көлеміндегі шағын несие жеткілікті. Бұл Бағдарлама қатысушыларының санын арттыруға мүмкіндік береді. 

Екіншіден, бізде 5,5 жыл бойы Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы жүзеге асырылды, ол бойынша да шағын несиелер беріп келдік. 5,5 жыл ішінде 99 млрд теңге шағын несие түрінде берілді және қазір ол ақша біртіндеп қайтарылуда. Бүгінде Ауыл шаруашылығын қолдау қорының қарыз алушылар мерзімінен бұрын қайтарған қаражаты бар, бірақ оларды жергілікті бюджетке қайтару мерзімі әлі болмады», – деп түсіндірді Б. Нұрымбетов.

Ол Өнімді жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларын Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен үш млрд жуық теңгеге несиелендіру бағыты туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. 

«Біз Бағдарламаға қажетті түзетулерді енгіздік. Сәйкесінше, бұдан әрі біз бұл тетікті пысықтаймыз, бұл біздің қатысушыларымызды шағын несиелендіру үшін қосымша қаражат көзі болады», – деп атап өтті Б. Нұрымбетов.

primeminister.kz


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы