Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Денсаулық сақтау басқармасы
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 04.07.2018
Просмотров: 2043

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) облыс аумағында барлық меншік түрлеріндегі денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарының қызметтеріне басшылық жасау мен үйлестіруді, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, эпидемиялық қолайсыз және басқа төтенше жағдайларда медициналық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін құрылған Мемлекеттік мекеме болып табылады.


Басқарма басшылары, азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс мәліметтері


Бапиев Талғатбек Әнуарбекұлы

Басқарма басшысы 

Азаматтарды қабылдау күні:

Жұма сағат 17:00 – 18:30, Сейсенбі сағат 17:00 – 18:30,

Байланыс мәліметтері:

8 (7292) 30-20-49 




Талғатбек Бапиев Әнуарбекұлы 1969 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Семейдің мемлекеттік медицина институтын, 2013жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін емдеу ісі, дәрігер, менеджмент бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы  Семей қаласының №3перзентханасында дәрігер-анестезиолог қызметінен бастаған.

1997-2010 жылдар аралағында Алматы қаласында  дәрігер, ғылыми қызметкер, гемодиализ бөлімшесінің  меңгерушісі қызметтерін атқарған.  

2010 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» кәсіпорнының бас дәрігері болды.

Талғатбек Бапиев - медицина ғылымдарының докторы.  90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Хирургтар қауымдастығының мүшесі, Ресей Диализді қауымдастығының мүшесі, Еуропа трансплантологтар қауымдастығының мүшесі.




Мекен жайы: 

130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ

3 ы/а, № 100 ғимарат

Байланыс мәліметтері: 

Тел.: 8 (7292) 30-20-49

Канцелярия басшысы: 8 (7292) 30-20-54

Электрондық поштасының мекенжайы:

oblzdrav_kanz@mail.ru



Денсаулық сақтау басқармасының ресми сайты


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы