Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Бейнеу ауданының әкімдігі
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 27.11.2017
Просмотров: 2832



Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу ауылы. Аудан жерінің жалпы аумағы - 4051,9 мың га, облыс орталығымен арадағы қашықтығы - 503 шақырым. Облыс орталығы және басқа аудандармен автокөлік және теміржол түріндегі қатынас бар. Аудандағы халық саны 54.4 мың адам, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп. Ауыл 3 жыл қатарынан “Облыстың үздік ауылы” титулын жеңіп алды. Ескі Бейнеуде орналасқан Бекет ата жер асты мешіті Бейнеу ауылының қарауында. Ауданның құрамына 2 ауыл, 9 ауылдық округ енеді. 




Әбілов Бейнеубек Көнілімқосұлы 1975 жылы 16 қантарда Маңғыстау облысы, Бейнеу селосында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик мамандығын, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығын және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы біліктілігімен бітірді.

1995 жылдың қыркүйек айынан бастап 1996 жылдың наурыз айына дейін «Ақтау қаласы әкімшілігінің Жас-өспірімдер, туризм және спорт істері» жөніндегі бөлімнің маманы.

1996 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың шілде айына дейін Ақтау қаласы әкімшілігінің ЖӨСМ күрес және ауыр атлетика бойынша тренер қызметін атқарған.

1998 жылдың желтоқсан айынан 1999 жылдың сәуір айына дейін «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» АҚ-ның Маңғыстау филиалының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

1999 жылдың сәуір айынан бастап 2000 жылдың қазан айына дейін «Шағырлы Шөмішті» ЖШС-ң конкурстық басқарушысы қызметін атқарды.

2000 жылдың қазан айынан бастап 2002 жылдың қазан айына дейін «Жолаушы» ЖШС-ң конкурстық басқарушысы қызметін атқарды.

2002 жылдың қазан айынан бастап 2003 жылдың шілде айына дейін «Каскор-Дикфа» ЖАҚ-ның конкурстық басқарушысы қызметін атқарды.

2003 жылдың мамыр айынан бастап 2004 жылдың қантар айына дейін «Ремгазмонтаж» ЖАҚ-ның конкурстық басқарушысы қызметін атқарды.

2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 2005 жылдың қыркүйек айына дейін «Завод пластических масс» ЖШС-ң конкурстық басқарушысы қызметін атқарды.

2007 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылдың тамыз айына дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маман қызметін атқарған.

2008 жылдың тамыз айынан бастап 2011 жылдың қараша айына дейін Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2011 жылдың қараша айынан бастап 2012 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентігі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бастығы, департамент директорының міндетін атқарушы.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2015 жылдың ақпан айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Бейнеу ауданының әкімі қызметінде.





Бейнеу ауданы әкімдігінің байланыс ақпараты (8-72932)

Аудан әкімі

Әбілов Бейнеубек Көнілімқосұлы

21-1-42

Аудан әкімінің орынбасары

Әбілшеев Қойшығұл Бекқалиұлы

21-3-53

Аудан әкімінің орынбасары 

Машрыков Кенжеғали Сағидуллаұлы

21-3-43

Аудан әкімінің орынбасары

Әмірханова Үміт Әділқызы

21-2-32
Аппарат басшысыКөбеген Мұқанбетжан Іңірбайұлы
21-3-87
Мәслихат хатшысыҰлұқбанов Аманкұл Орынбайұлы21-2-67

Электрондық пошта: beineuinfo@mangystau.gov.kz 

 Бейнеу ауданы әкімдігінің ресми сайты

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы