Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Түпқараған ауданының әкімдігі
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 08.11.2018
Просмотров: 3167

Түпқараған ауданы - аудан Маңғыстау облысының батысында орналасқан. 1963 жылға дейін Шевченковский ауданы деп аталды, сонымен қатар 1972-1992 жылдары Форт-Шевченко қаласы деп аталды. Ал 1992 жылдың 6 шілдесінен Түпқарағай ауданы деп аталды. Орталығы - Форт-Шевченко қаласы. Ауданның жалпы аумағы - 8,52 мың шақырымды құрайды. Ауданның құрамына Форт-Шевченко қаласы, Баутино поселогі, Қызылөзен, Ақмұқыр, Таушық, Саин Шапағатов ауылдары енеді. Маңғыстау түбегінің тарихы, мәдениеті, өнері мен экономикалық дамуы165 жылдық тарихы бар Форт-Шевченко қаласымен тығыз байланысты. Соңғы 10 жыл ішінде мұнай өндіру мақсатында шетелдік инвесторлардың аудан орталығына келуі, жағалауда инфрақұрылымдардың пайда болуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал етті. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымның біртіндеп сапалы деңгейге көтерілуімен дәлелденетін көрсеткіштерден, ауыз су мен көгілдір отын мәселелерінен байқалады. 2009 жылдың 8 наурызы Таушық ауылы, ал 2010 жылдың 16 қазанында Қызылөзен ауылы, 26 желтоқсанында Форт-Шевченко қаласы мен Баутино және Аташ поселогтері газ құбырына қосылды.


Хамиев Айдос Таңғалиұлы

Түпқараған ауданының әкімі


Хамиев Айдос Таңғалиұлы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі - жоғары.

2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженер – құрылысшы мамандығын бітірген , 2009 жылы Орталық Азия университетінің заңгер мамандығын тәмамдады, 2015жылы AlmaU және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметі академиясының магистратурасын бітірді (МВА).  

2005-2008 жж. аралығында Ақтау қаласында «Бисентин» ЖШС-ның құрылыс учаскесінің мастері,құрылыс учаскесінің жұмыс өндірушісі қызметтерін атқарған.

2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.

2010 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың қазан айы аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау аттестаттау және аккредиттеу басқармасының сарапшысы лауазымын атқарған.

2011 жылдың қазан айынан 2012 жылдың мамыр айы аралығында - ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің басқармасы бастығы лауазымын атқарды.

2012 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін - ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың мамыр айы аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2013 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың қазан айын дейін – ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

2013 жылдың қазанынан 2015 жылдың ақпанына дейін - ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ақмола облысы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

2015 жылдың ақпанынан 2015 жылдың маусым аралығында Ақмола облысы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2015 жылдың шілде айынан 2017 жылдың тамыз айы аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2017жылдың 21 тамыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен«Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың 25 тамызынан бастап Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды.



Түпқараған ауданы әкімдігінің байланыс ақпараты (8-72938) 


Аудан әкімі

Хамиев Айдос Таңғалиұлы

22-1-12

Аудан әкімінің орынбасары

Алтынгалиев Талгат Алтынгалиевич

22-3-53

Аппарат басшысы

Демеуова Гулзира Нургелдиевна

22-9-25

Мәслихат хатшысы

Досанова Айкумыс Сарсенгалиевна

22-5-51






Түпқараған ауданы әкімдігінің ресми сайты


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы