Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының әділет департаменті
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 12.02.2018
Просмотров: 805

Негізгі мақсаттары  және атқаратын қызметтері:

Маңғыстау облысының әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.

 Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы, егер заңнамаға сәйкес оған үәкілеттілік берілген жағдайда.

Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен   рәсімделген шешімдер қабылдайды.

Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.


Басшылары, азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс мәліметтері


Балгазин Руслан Байболатұлы

Департамент басшысы

Байланыс мәліметтері:

8 (7292) 30-20-10


Балгазин Руслан Байболатұлы 1979 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, Ленин ауданы, Бадамша ауылында дүниеге келген. "Әділет" Жоғары құқық мектебін 2002 жылы бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Сот қаулыларын орындау бойынша комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің  Қарғалы аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қызметінен бастап, Ақтөбе облысы Соттар Әкімшілігінің сот приставтары қызметін ұйымдастыру, сот қаулыларының және ішкі қауіпсіздіктің орындалуына жауаптылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, қалалық аумақтық учаскесінің сот орындаушысы, аға сот орындаушысы және Ақтөбе облысының жеке құрылымдарында қызмет атқарған.

2011-2012 ж.ж. – Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау және атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімнің басшысы.

2012-2014 ж.ж. – Ақтөбе облысының сот актілерін орындау департаментінің басшысы.  

2014-2016 ж.ж. – Ақтөбе облысы әділет департамент басшысының орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары.

2017 жылдың 14 тамызынан бастап Маңғыстау облысының әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.



Кесикбаева Дарига Саломатқызы

Маңғыстау облысының әділет департаментінің басшысының орынбасары

1980 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары заң білімі. 2001 жылы ол «Қайнар» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.

2000 жылдың қараша айынан бастап сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы;

2001 жылдың 18 мамырынан бастап атқарушылық іс жүргізу және сот әкімшілігінде сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

2009 жылдың 9 ақпанынан бастап ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

2010 жылдың қазан айынан бастап атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімінің басшысы;

2014 жылдың қараша айынан бастап департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың 18 наурызынан бастап Маңғыстау облысының әділет департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.



Акжолов Сарсенгали Копжасарович

Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының орынбасары

1981 жылы 18 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, заң мамандығы.

2003 жылы Мемлекеттік халықаралық Қазақ-Түрік университетін, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Еңбек жолын 2003 жылы «Реал Экспресс» ЖШС-де заңгер ретінде бастады.

2005 жылдан бастап Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе бөлімінің сот приставы қызметін, Астана қалалық сотының кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші сот приставы;

2013 жылдан бастап Ақмола облысы Әділет департаментінің Целиноград аудандық әділет басқармасының жетекші маманы, Астана қаласы Әділет басқармасының сот орындаушысы;

2016 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылдың 30 қарашасынан бастап Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.




Мекен-жайы: 

130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 

3б шағын ауданы, №16 ғимарат

Байланыс телефоны

8 (7292) 30-20-10, 60-99-05.

Эл. пошта:




Маңғыстау облысының әділет департаментінің ресми сайты


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы