Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Әкім орынбасарлары
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 24.12.2018
Қаралды: 107607
 

Әлихан Сұлтанмұратұлы Қыраубаев

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Әлихан Сұлтанмұратұлы 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі  /1997ж./

Еңбек жолын 1998 жылы  Қазақ  ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.

2001 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде бас маман, кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде мемлекеттік бюджетті атқару департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2004 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі. 

2008 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының, кейін макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2010 – 2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

2012 – 2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2018 жылдың 30 қарашысынан бастап, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары.



№ 403 каб. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары                      

Әлихан Сұлтанмұратұлы Қыраубаев

Телефоны

-

Қабылдау бөлмесі

Құсаинова Гүлжан Тұрсынқызы

 43-01-03

-

Көмекші

Сапа Бауыржан Серікұлы

 31-45-63



Cқақов Мақсат Нұрлыбекұлы 


Облыс әкімінің  орынбасары 

Байланыс мәліметтері:  8 (7292) 31-45-32 

Эл почта: m.skakov@mangystau.gov.kz






Өзім жайлы

Туған жылы: 09.07.1978ж

Туған жері: Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, А.Тоқмағанбетов кеншары

Ұлты: қазақ

Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 балам бар

Білімі 

2003 жылы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. – АҚШ-тың Йорк Университетінің Философия-Экономика ғылымдарының докторы (Ph.D.)

Біліктілігін арттыру

2012 ж. – Қайта даярлау курсы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы);

2012 ж. – Мемлекеттік қызметтегі басшыларына арналған курстар (Назарбаев университеті);

Жұмыс

тәжірибесі

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Ұлттық Ұланның әскери қызметі.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде  қызмет атқарды.

2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жастар саясаты Департаментінің Басқармасы бастығының орынбасары.

2005 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бас маманы.

2005 – 2006 жж. – Жеке сауда-өнеркәсіптік палатасы директорының орынбасары

2006-2007 жж. – Жеке сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті

2007 ж. –  офицер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.

2012-2015 жж.  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.

2014 жылдың шілде айынан бастап Министрліктің қайта құрылуына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы.

2015 - 2017 жж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі.

2017 жылдан  бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Тіл жайлы 

Қазақ тілі – туған тілім, орыс тілі – еркін, ағылшын және араб тілдері.

Қосымша мағлұмат

Microsoft office (Word Excel Outlook) Internet Explorer

Жеке қасиеттері

Жауапкершілік, сабырлық, еңбекқорлық, төзімділік, ұқыптылық, ізденушілік, адалдық, шынайылық, тиянақтылық, кішіпейілділік, ұжыммен жұмыс істей алуы және ұжымның жұмысын үйлестіре білуі.

Марапаттары

1)  2008 ж. – «Астананың 10 жылдығы» медалі;

2)  2011 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;

3)  2013 ж. – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы төрағасының Құрмет грамотасы;

4)  2014 ж. – Мәдениет министрінің Құрмет грамотасы;

5)  Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен;

6)  Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің үздігі төсбелгісі;

7)  2016 ж. – Ғани Мұратбаев атындағы медалі;

8)  2017 ж. – «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерекелік медалі;

9)  2017 ж. – «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төсбелгісімен;

10)  2017 ж. – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл» мерекелік медалі.

11)  2018 ж. – «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» төсбелгісі;

12)  2018 ж. – «Бейнеу ауданына 45 жыл» мерекелік медалі;

13)  2018 ж. – ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісі.

 Спорттан:

14)  Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери самбодан абсолютты чемпионы;

15)  Самбодан және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

16)   «Қазақ күресінен» Астана қаласы бойынша федерация президенті;

17)   «Джиу-джитсудан» Маңғыстау облысы бойынша федерация президенті.

Әскери шен

Полковник



№ 328 каб.     
Облыс әкімінің орынбасары       
Cқақов Мақсат Нұрлыбекұлы             
Телефоны       

-
Қабылдау бөлмесі
Нұрым Ұлжан Асылханқызы 

 31-45-32
-
Көмекші
Қанатов  Ержан   Қорабайұлы

 31-46-27




Сакеев Руслан Кенесарыұлы  

Облыс әкімінің  орынбасары

Байланыс мәліметтері: 8 (7292) 42-16-05

Эл почта: info@mangystau.gov.kz


1978 жылы туған.  Білімі - жоғары. Заңгер, қаржыгер мамандықтарының иесі. 

Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік құқықтық пәндер бойынша оқытушы қызметінен бастап, 2002-2003 жылдары ҚР Сенатының заңдылық және құқықтық реформа жөніндегі комитетінде, 2003-2007 жылдары Қарағанды облысында Ішкі саясат, әлеуметтік саласында, ҚР Әділет министрлігінде басшылық қызметінде, Үкімет жанындағы «ҚазСат» Бас директоры, «Альянс Банк» АҚ Департамент Директоры, дүниежүзілік банктің топ басшысы, және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.


№ 301 каб.

Облыс әкімінің орынбасары

Сакеев Руслан Кенесарыұлы

Телефон    

-

Қабылдау бөлмесі

Жарылғапова Айым Мухаммедиярқызы

42-16-05

-

Көмекші

Қаратаев Алмаз Қайыргелдыұлы

42-05-04




Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай

Облыс әкімінің орынбасары

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, «тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген.  2018 жылы АҚШ Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған. 

Еңбек жолын 1999 жылы  Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамынының бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі қызметтерінде болды.

2005 - 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары.

2009 – 2010 жылдары  «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры болды.

2010 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 - 2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры.

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.

2013 – 2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы -  атқарушы директоры,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміржолсу» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.



Өркен Серікқалиұлы Бисақаев

Облыс әкімінің орынбасары

Өркен Серікқалиұлы Бисақаев1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Е. атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент  университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы «Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап,  КТК жобасы директорының орынбасары, Тенгизшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба - экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2003 – 2004  жылдары  «Казтранском» ААҚ –да  Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.

2004 – 2007 жылдары  «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері,  департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.

2007 - 2010 жылдар аралығында  Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2010 - 2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012 - 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2016 - 2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы