Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Добавлено: 03.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 382

3 қараша күні «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Шуақты Өлке-2050» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында егеменді елімізге қамқор болуға тәрбиелейтін эссе, өлеңдер жазу байқауы өтті. 

Конкурстың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, егеменді елімізге қамқор болуға тәрбиелеу, білімі мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлығын арттыру.

Байқауға барлығы 21 студент пен оқушылар қатысты. Қатысушыларға эссені жазып бітіруге бір сағат уақыт берілді.

Сайысқа қатысушылардың жұмыстарын арнайы бекітілген әділ-қазы алқалары бағалады.  Конкурс қорытындысы бойынша үшінші орынды – № 27 орта мектептің 9 сынып оқушысы, ұлты украин Татьяна Карпова, екінші орынды – Маңғыстау Гуманитарлық колледжінің студенті Асима Жанқұлова иеленді. Ал бір сағат ішінде жантебіретерлік өлең жазып шығарған Ақтау технологиялық колледжінің студенті Бексұлтан Тәженов сөзсіз бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға грамота мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Олардың шығармашылық жұмыстары  республикалық деңгейде болатын байқауға жолданатын болады. 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы