Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда «асық атудан» жарыс өтті
Добавлено: 29.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 338

29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында, Ақтау қаласының №15 орта мектебінде «Асық атудан» жарыс өтті. Ұлттық ойын бойынша сайысқа 4 команда түсті. Әрқайсысы бес оқушыдан тұратын командалар облыс орталығындағы 4 мектеп атынан шықты.

Шараны Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр.

- Бұл шара «25 жұлдыздыкүн» акциясының аясындаөтті. Мақсатымыз жастар арасында  ұлттық спортты қайта жаңғырту және насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, ұлттық ойынға Маңғыстау облысындағы оқушыларды көптеп тарту, - деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Аянгүл Жұмаш.

- Біз кішкентай күнімізде аулада достарымызбен жиналып асық ойнайтынбыз. Асық жинап, оны бояудың өзі қызық еді. Ойынның бұл түрі дәлдікті, қырағылықты, ептілікті дамытады. Мектепаралық асық ату жарысы болады дегенді естігенімізде, достарымызбен бірге қуана қатысамыз деп шештік, - дейді қатысушылардың бірі Тимур Гасанов.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.


Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы