Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
ЕЛБАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ
Добавлено: 31.01.2017
Изменено: 31.01.2017
Просмотров: 168

Облыстық кітапханада өлкеге белгілі өнер майталмандарының қатысуымен кездесу өтті. Басқосуда Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі қызу талқыға түсті.

-Елбасының халыққа жолдаған үндеуін қалың оқырмандармен талқылау мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Кешімізге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Сержан Шәкірат, ҚР Мәдениет қайраткері, Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Нұрияш Оспанова қатысып, үндеуге қатысты өз пікірлерін білдіріп, талқылады. Сондай-ақ шараға Маңғыстау энергетикалық және медициналық колледжінің студенттері қатысты,-дейді Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Бибігүл Қозбекова.

Жиында сөз алғандар Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдіріп, ел саясатының мығымдығын тіледі. Елбасы өзінің үндеуінде қоғамды мазалап жүрген көптеген сұраққа жауап бергенін, мемлекеттік басқару жүйесі өзгергенін, Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігінің арта түскенін айтты.

-Елбасының әр жолдауы, үндеуі, жаңа бағдраламасы әлемде болып жатқан жайттарға байланысты өзгерістерге халықты бейімдеуге бағытталып отырады. Бұл жолғы үндеуде айтылған билік тармақтарындағы өкілеттіктердің ауысуы мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына, жаңаша бағытта жұмыс жасауына оң әсер етеді деп ойлаймын. Бүгінгі кездесуде де жастарға жақсы білім алып, білікті маман ретінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге баға беріп, осы істерге белсене қатысуға шақырдық. Елімізде жасалып жатқан өзгерістердің барлығы жастардың болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екенін айттық. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығаратынын жеткізуге тырыстық. Жастардың да пікірін тыңдадық. Жастардың да саяси сауатты екеніне, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысты өзіндік пікірлері қалыптасқанына тағы да көз жеткіздік. Білімді жастардың көп болғаны бізді қуантады, әрине,-дейді Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Нұрияш Оспанова.

Ақпарат көзі: «Маңғыстау» газеті. Венера МИРЛАН


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы