Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Сall-орталығының қызметі жөніндегі ақпарат
Добавлено: 12.03.2017
Изменено: 16.03.2017
Просмотров: 312



CALL ОРТАЛЫҒЫНА қоңырау шалу тегін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы телефон хабарламаларды қабылдау негізгі мақсаты болып табылатын Сall-орталық жұмыс істейді.

Мынадай сұрақтар бойынша:

·  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

·  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне түсу;

·  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтің өндірісінде болатын хабарламаларды және өтініштерді қарау барысы туралы;

·  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе өзге де амалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде беретін адамдарды көтермелеу;

·  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіретіне кіретін өзге де мәселелер.

Хабарламаларды қабылдау:

·  Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;

·  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметшілерінің жағынан заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;

·  Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру мәселелеріне қатысты;

·  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі іздестіретін адамдар жөніндегі мәліметтер туралы;

·  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жұмысына қатысты (үн қосулар, ұсыныстар).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сall-орталығының жұмыс кестесі

9.00-18.30
(жұмыс және мереке күндері түскі үзіліссіз)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және консультация

9.00-13.00
(сенбі)

Тәуліктің түнгі мезгілінде және демалыс күндері

Сall-орталығына шалынатын қоңырауларды жазып алу автоматты түрде жүзеге асырылады.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы