Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» аттыемханаларға тіркелу науқаны басталады
Добавлено: 13.04.2017
Изменено: 13.04.2017
Просмотров: 281

 Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, жиі азамат бір қалада, ауданда тұрады, ал басқа мекен-жайы бойынша тіркелген.Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсету  бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек

Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек.

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК ) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыретібойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананыеркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады.

Отбасы мүшелерін тіркеуотбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесінежеке басын куәландыратын құжаттарынберу кезінде жүзеге асырылады.

Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананыңжақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде Сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады.

Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрініңайтуыншаазаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды.Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жіне атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді.

Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат,әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсызба?

Ертеңсақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмекалу кезінде қиындықтар туындатпау үшін барлығын қазіранықтаумаңызды болып табылады.

МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналармөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.

Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.

Бұл үшін Сізге емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы."Электронды үкімет" (еgov.kz)порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырыпсұрау салу қажет.Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді, сондай-ақ электрондық түрде. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.

Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және біруақытта бірнеше емханада тіркелуімүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіпАМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрдешығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жол сілтегіш: өз емханаңызды таңдаңыз!

Не үшін емханаға бекітілу қажет?

Емхана – алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым.

Пациент емханада қандай қызметтер ала алады?

Олар – учаскелік дәрігерлердің және тар шеңберлі мамандардың қабылдауы, дәрі-дәрмектік емдер мен емдеу шараларын тағайындау, диагностика және медициналық қарап тексеру, балалардың және жүкті әйелдердің патронажын жүргізу, дәрігерді үйге шақыру және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарда емделуге жолдау. 

Басқаша айтқанда, емхана – қандай да бір медициналық көмекті алуға «кіретін қақпа». Сол себепті, алғашқы медициналық ұйымды таңдау және Сіздің шындығында қайда бекітілгеніңізді тексеру өте маңызды. Өйткені, бізде іс жүзінде халықтың бір бөлігі бір қалада, ауданда өмір сүрсе, басқа мекенжайда тіркеуде тұрады. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсетуде қиындықтар туындайды.

Пациенттің дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана отырып, біздің азаматтар алғашқы медициналық ұйымды тіркелген жері, сонымен бірге тұратын жері бойынша бір қаланың немесе кенттің шегінде таңдай алады.

Алайда, уақытша немесе тұрақты қызмет көрсету үшін емхананы таңдау кезінде оның Сіздің үйіңізге жақын орналасуы туралы ұмытпаған жөн.

Емхана неғұрлым жақын болса, Сіз де тез жетесіз, сонымен қатар Сіздің емдеуші дәрігеріңіз де үйге шақырған кезде жылдам келеді. 

Емханаға бекітілгеніңізді қалай тексеруге және қалай ресімдеуге болады?

Сонымен, Сіз емхананы таңдадыңыз. Оған қалай бекітілуге болады?

Мұны істеу – тым жеңіл. Сіз емханаңа өзіңіз барып, тіркеу бөліміне жүгініп, медициналық ұйымның бас дәрігерінің атына еркін нысанда өтініш жазып, жеке куәлігіңіздің көшірмесін (төлқұжат, туу туралы куәлік) ұсына аласыз. Сізді емханаға бекіту 30 минут ішінде ресімделеді. Сіздің деректеріңіз «Бекітілген халық тіркелімі» порталына енгізіліп, Сіз медициналық қызмет көрсету алаңында ресми түрде пайда боласыз. 

Емханаға бекітудің екінші тәсілі Интернеттің тәжірибелі пайдаланушылары үшін қолайлы. «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы, азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған деректерді көретумен электрондық құжат түрінде сұрау жолдауға болады. Емханадағы жауапты қызметкер электронды сұрау салуды тиiстi ақпараттық жүйелерден алады және тiркеу туралы талонды электронды түрде рәсiмдейдi.

Тұрғылықты жер мен Сіз автоматты түрде бекітілген емхананың сай келмеуі сияқты «тосынсыйларды» болдырмау үшін, өз ЖСН-ыңызды біле отырып ақпаратты әрқашан Egov порталы арқылы «Емхананы таңда» бөлімінде тексеруге болады. 

Адамның тек бiр емханада тiркеле алатындығын, бiр уақытта бiрнеше емханада тiркелу мүмкiн еместігін білген жөн. Тікелей жүгінген кезде азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына бекіту кезінде, бұрын бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымынан бекітуден шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Азамат дәрігерді немесе емхананы еркін таңдаған кезде, емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына кем дегенде бір рет болады.

Денсаулық жағдайы бойынша өз бетімен емхана келуге мүмкіндігі жоқ тұлғаларды бекіту, клиника атына жазбаша өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Шұғыл жағдайларда жүгінген кезде, Сіз кез келген емханадан, оған бекітілместен қызмет ала аласыз. Ол емханаға келесі рет жүгінген кезде, көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, емханаға тіркелу қажет болады.

Егер адам денсаулық жағдайы және ауру сипаты бойынша емханаға қабылдауға келе алмаса, медициналық көмек үйде көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақыру телефон бойынша немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсетпестен тікелей жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Әр емхана өзіне бекітілген халықтың денсаулығы үшін жауапты болады!

Сіздің емханаңыз – МӘМС-ға «кіретін қақпа»! 

Сіздің емханаға бекітілуіңіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені, дәл емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, және дәлірек айтқанда болашақ сақтандырылған азаматтар үшін – сақтандыру медицинасының аясында медициналық қызметтер пакетіне «есік» ашылады.

Бекіту науқанының барысында елдің әр тұрғыны өзінің алғашқы медициналық ұйымға тиістілік фактісін анықтап ғана қоймай, өзінің санаты туралы да жариялауы қажет. Мысалы үшін, Сіздің кім екеніңіз – жалдамалы жұмыскер, дара кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, ресми табысы жоқ немесе немесе тіркелмеген жұмыссыз екеніңіз туралы.

Ертең сақтандырылушының мәртебесін алумен және қажетті медициналық көмек алумен байланысты қиындықтар туындамауы үшін, осының барлығын қазір анықтаған маңызды.

Сіз міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу жағдайлары, жарналардың мөлшері және ақы төлеу схемасы туралы ақпаратты тіркеу бөліміне немесе арнайы кабинеттегі медициналық қызметкерлерге жүгіну арқылы ала аласыз.

Жақын маңдағы емханадан медициналық сақтандыру туралы консультация алыңыз! 

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаса

Не істеу керек:

Сіз өз мәртебеңіз туралы қам жасауыңыз қажет!

  I. Егер Сіз өзіңізді жұмыссыз деп есептесіңіз және жұмыссыз ретінде есепке тұруға тілек білдірсеңіз, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Ауылдық округтің әкіміне өтініш беруіңіз қажет.

  II. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында жұмыс жасайтын болсаңыз (жекеменшік тасымал (такси), құрылыс бизнесі, қызметтер, сауда және т.б. ), онда Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына ДК (дара кәсіпкер) ретінде тіркелуіңіз қажет.

Егер Сіздің табысыңыз бір жылда 12 ең аз жалақыны құраса, онда Сіз өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұлға ретінде жарна төлейсіз. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу үшін, Сіз  тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Ауылдық округтің әкіміне өтініш беруіңіз қажет.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне төленетін жарна мен аударымдарды анықтау және одан әрі медициналық көмек алу үшін, Сіздің әлеуметтік мәребеңізді анықтау қажет!


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы