Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы АҚПАРАТ
Добавлено: 20.03.2018
Изменено: 20.03.2018
Просмотров: 473

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурс жариялайды.   

Жоба туралы мәліметтер 

Мақсаты:

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану»: 

- заманауи технологиялар және құрал-жабдықтар базасында табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- ТЭО-2 жұмыс істеу  ресурсы аяқталған бу-қуаттық құрал-жабдықтарын одан да тиімді, электр және жылу энергиясын аралас өндіруді қамтамасыз ететін әлемдің нарықта бәсекеге қабілетті энергетикалық құрал-жабдықтарға бу-газ технологиясын пайдалана отырып, ауыстыру; 

- өңірдің өсіп келе жатқан электр жүктемесін жабу, ТЭО-2 өзінің жұмыс істеу ресурсын жасап біткен құрал-жабдықтарын істен шығару және энергетикалық торап жүктемесінің артуы кезінде энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру; 

- Негізгісі дистиллят шығаратын және өндірістік сумен жабдықтайтын зауыт болып табылатын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік аймағын және тұтынушыларды технологиялық буға деген жүктемесін жабу;   (ЗПД и ПТВС);

- 1962-1963 жылдары пайдалануға енгізілген қолданыстағы жылу электр станцияларының негізгі құрал-жабдықтарының пайдалану мерзімін арттыру. 

  МЖӘ жобасының құны:   

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» - болжаммен -  63 219 млн. теңгені құрайды.

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» МЖӘ нысанының жобалық қуаты - 250 МВт.

МЖӘ нысанының орналасқан жері: 

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, өндірістік аймақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  ТЭО-2 алаңы. 

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі: 

·  Құрылыс кезеңі: 29 ай (есептік);

·  МЖӘ нысанын пайдалану кезеңі: ҚР «Мемлекеттік-жекеше әріптестік» Заңына сәйкес пайдалануға берілген күннен бастап 14,5 жылға дейін.  

  Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті жекеше әріптестер «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің техникалық тапсырмасына сәйкес  әзірленген техникалық ұсынысты 2018 жылдың 23  сәуір күні 18 сағат 30 минутқа дейін тапсыруы тиіс. 

Күні: 23 сәуір 2018 жыл 18 сағат 30 минут.

·  Орны: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, ғимарат №1, кабинет №110

·  Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі  

·  Байланысатын тұлға: Орынбасаров Нұрлан Базарбайұлы

·  Телефондар: 8 (7292) 31-13-20, 33-53-14

·  Конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасының көшірмесін жұмыс күндері   9-00 сағаттан 12 сағат 30 минутқа дейінжәне 14-00 сағаттан бастап 18 сағат 30 минутқа дейінмына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, ғимарат №1, кабинет №110

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті жекеше әріптестер «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі олардың негізінде біліктілік таңдауын өткізілетін талап етілген біліктілік талаптарына сәйкес екендігін растайтын құжаттарды 2018 жылдың 09 сәуір күні 18 сағат 30 минутқа дейін тапсыруы тиіс.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы